Хоккей • 08 Қараша, 2018

Аптаның үздік қорғаушысы –  Даррен Диц

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайтында биылғы маусымның тоғызыншы аптасындағы төрт аталым бойынша үздік деп танылған ойыншылардың есімі жарияланды.

Аптаның үздік қорғаушысы –  Даррен Диц

Біздер үшін ең қуаншыты жайт, «Барыс» клубының сапында өнер көрсететін 24 жастағы канадалық легионер Даррен Диц аптаның ең үздік қорғаушы болып танылды. Астаналық команданың сапында өткізген төрт кздесуде ол екі гол соғып, үш рет нәтижелі пас берді. Нәтижесінде бес ұпайға иелік етті. Бұл – қорғаушылар арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Барлығы Диц қарсыластар қақпасына осы аптада 20 шайба бағыттаған екен.

Ал өзге үш аталымда мына хоккейшілер жеңімпаз атанды:

«Үздік қақпашы» – Василий Кошечкин («Металлург» Магнитогорск)

«Үздік шабуылшы» – Денис Паршин («Торпедо», Төменгі Новгород)

«Үздік жаңа ойыншы» – Максим Афанасьев («Локомотив», Ярославль),       

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»